Ықылым заманнан қару ретінде қолданылған садақтың қазақ халқы үшін ерекшелігі зор. Білекті батырларымыз кең байтақ жерімізге көз алартқан жауларымызды садақпен атып, найзаның ұшымен түйреп қорғағаны белгілі.
Садақ ату 1900 жылдан бері жазғы олимпиада ойындарының тізіміне енген мергендік спортының бір түрі. Бұл спорт түріне шыдамдылық, жүйке мықтылығы, өткір көз және қуатты қол қажет. Осының барлығы садақпен атқанда жеңіске жету үшін қажет. Бүгінде спорттың бұл түрі әлемнің 140 елінде көрініс тапқан. Садақ ату көп күшті қажет ететін, соңғы жебеге дейін жалғасатын жарыс.
Үйірме жетекшісі: Тұрсынбай ағай