IT - үйірмесі!!!

IT - үйірмесінде біз Python және т.б.

бағдарламалау технологияларын қолдана

отырып, код жазуды үйренеміз. Осындай

сайттар жасағыларыңыз келсе үйірмеге

қатысуға шақырамыз. Қатысу үшін

сайттағы "Қабылдау Бөліміне" өтіңіз.

Үйірме жетекшісі: Алымхан ағай

Python-да жазылған код

Python Code

МЕРГЕН - үйірмесі

Mergen

Ықылым заманнан қару ретінде қолданылған садақтың қазақ халқы үшін ерекшелігі зор. Білекті батырларымыз кең байтақ жерімізге көз алартқан жауларымызды садақпен атып, найзаның ұшымен түйреп қорғағаны белгілі.

Садақ ату 1900 жылдан бері жазғы олимпиада ойындарының тізіміне енген мергендік спортының бір түрі. Бұл спорт түріне шыдамдылық, жүйке мықтылығы, өткір көз және қуатты қол қажет. Осының барлығы садақпен атқанда жеңіске жету үшін қажет. Бүгінде спорттың бұл түрі әлемнің 140 елінде көрініс тапқан. Садақ ату көп күшті қажет ететін, соңғы жебеге дейін жалғасатын жарыс.

Үйірме жетекшісі: Тұрсынбай ағай


ОЛИМПИАДА - үйірмесі

Olympiad

Олимпиада үйірмесінде математика, физика және география т.б. пәндерді таңдасақ болады.

Пән олимпиадасы – ғылымның алғашқы басқышы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастар қосынын қалыптастыратын ең үлкен және ең тамаша бағдарламалық бәсеке.

Үйірме жетекшісі: Пән мұғалімдері


СПОРТ - үйірмесі

Sport

Өмірде алға қойған мақсатыңа, табысқа жету үшін денің сау болуы керек. Денсаулықты жас кезден сақтаған жөн. Спорт шебері боламын деген барлық оқушыларды үйірмеге шақырамыз.

Үйірме жетекшісі: Пән мұғалімдері


FITS MEDIA - үйірмесі

FITS Media

FITS media - үйірмесінде біз сапалы фото және видео түсіруді үйренеміз. Сонымен қоса әлеуметтік желілерде қалай жұмыс істеу керек екенін үйренетін боламыз.

Үйірме жетекшісі: Забира апай

IT - үйірмесіне қабылдау

Тел: +7(708) 708 09 45

Email: alymkhanarysbek@gmail.com